Авторлар мақалада Ресей отаршылығының түркі халықтарының сана болмысына, ойлау мәдениетіне тигізген әсерін философиядағы «сана» ұғымы арқылы қарастырады. Авторлар бауырлас түркі халықтарының сана болмысына тиген отаршылықтың зардабын Ресей империясының қазақ халқын отарлауы мысалында талдау мақсатында қазақ ойшылдарының «төл сана» және «бөгде санаға» қатысты ой-толғамдарын, әсіресе, М. Шоқайдың «Отаршылдардың мәдени қаруы» мақаласын негізгі зерттеу нысанына алған. Отарлаушылар отарлаған елдерін өздеріне қарсы бас көтертпеу үшін бірінші кезекте халықтың елдік санасын, ұлттық намысын жоюға тырысатыны тарихтан белгілі. Бойында намысы бар халық құлдыққа көнбейді, қарудың күшімен бағындырғанымен, келешекте бәрібір азаттығы үшін күреске шығады. Осыны болдырмау үшін отарлаушылар елдің төл санасына қатыстылардың барлығын бөгде сана арқылы тоз-тозын шығарып, бұзуға, халықтың тарихи-мәдени жадын ұмыттыруға тырысады. Отарлаушыларға тән бұл сипатты Ресей империясының түркі халықтарын отарлау саясатынан көруге болады. Сана философиялық ұғымдардың бірі. Бұл ұғым философияда объективті шындықты бейнелеудің адамға тән жоғары формасы ретінде түсіндіріледі. Әлемдегі әр халықтың өзінің дүниеге деген өзіндік көзқарасы болатыны белгілі. Қандай да болмасын халықтың өзіндік ойлау жүйесі, дүниені бейнелеу тәсілі бар. Дүниені бейнелеуді, объективті шындықты бейнелеуді сана деп атаймыз. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттің, философияның негізін құрайды. Халықтың ойлау мәдениетінде сол халықтың рухани болмысы, дүниетанымы, дүниені қабылдауы мен түсінуі, дүниеге қатынасы өрнектеледі. Ұлттық дүниетаным, ұлттық ойлау тілге байланысты. Ұлттық ойлаудың басты ерекшелігі оның тілінде. Тіл арқылы ұлт өз болмысын, өмір тіршілігін, дүниеге көзқарасын бейнелейді. Неміс ойшылы Мартин Хайдеггер айтпақшы, «тіл – болмыстың үйі». Халықтың дүниетанымы тіл арқылы көрініс тауып, тіл арқылы халықтың санасының болмысы көрінетіндіктен, отарлаушы ел отар елінің ұлттық ана тілін өшіруге күш салады. Олардың ұлттың тілін құртудың астарында отар елдің елдігін, бірлігін бұзу, ұлттық рухын құлдырату ниеті жатады. Кеңестік кезеңде елімізде болған төңкерістер, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар тұсындағы қазақ халқы көрген қиындықтар, бай-кулактармен күрес, ұжымдастыру саясаты, бірнеше мәрте әдейі жасалған ашаршылықтар, қазақ зиялыларын репрессиялау, коммунизм құрудағы асыра сілтеулер салдарынан қазақ халқының ұлттық рухы құлдырады. Сол кезеңдердегі қазақтың санасын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттыруға бағытталған бөгде сана ілімдері құрудың алдында тұрған халықтың тарихи жадысын, рухани құндылықтарын, дүниетанымын өзгеріске түсірді. Авторлар мақалада Ресей отаршылығының қазақ халқының сана болмысына жасаған осы ықпалдарын философиядағы «төл сана» және «бөгде сана» ұғымдарына талдау жасау арқылы көрсетеді. Кеңес дәуірінде үстемдік еткен бөгде сана ілімдері мен еуропацентристік және ориенталистік өлшемдер бойынша қалыптасқан дұрыс емес таным-түсініктерді айқындайды. Сонымен қатар, мақалада қазақ елінің тәуелсіздігінің іргетасын бекіте түсуде және қоғамдық сананы рухани жаңғыртуда барша түркі халықтарымен ортақ өткен тарих пен мәдениеттің отаршылық заманынан, тарих сүргінінен қазіргі кезге көмескіленіп жеткен құндылықтарын жас тәуелсіз мемлекет ретінде қайта бағалау қажеттілігі, өшкенімізді жаңғыртып, тарихи тұлғаларымыз туралы, олардың дүниетанымдық мәселелері туралы объективті көзқарас қалыптастыру қажеттілігі баяндалады.
This article presents influence of Russian colonization on consciousness and principles of thinking of Turkic nations through the philosophic concept “consciousness”. It examines ideas of Kazakh philosophers about “own consciousness” and “alien consciousness”, especially the article called “Cultural weapon of colonizers” by M. Shokai to analyze fallouts of colonization influenced on Turkic nations’ consciousness through the examples of Kazakh nation colonized by the Russian Empire. It is known that first of all colonizers try to destroy national pride and consciousness of colonized nation to make them not to rebel. People with the sense of national pride will stand against slavery; even colonized nations will fight for their independence. To prevent it colonizers destroy national consciousness by introducing “alien” consciousness and change historical and cultural legacy of the nations. This feature can be seen through Russian colonizer’s policy of Turkic nations. Consciousness is one of philosophical concepts. This concept is explained as high form of human activity to describe objective reality. Each nation has its own world view. Every people have their own thinking, view of the world. Describing of objective reality is known as consciousness. It forms the fundamentals of centuries-long national culture and philosophy. Nation’s spiritual being, world outlook, world perception, and philosophy of life are formed through the nation’s thinking. National world outlook and national thinking is connected to language. The main peculiarity of national thinking is in its language. Nations describe its being, world outlook and world perception through the language. German philosopher Martin Heidegger said “Language is the home of the Being”. Since national world outlook and being of national consciousness are seen from its language, colonizers foster all efforts to destroy native language. They design to destroy national integrity, national spirit, and national identity. Revolts in the Soviet period, hardships of World War I and World War II, dekulakization, collectivization, man-made famine in the territory of Kazakhstan in the first half of the 20th century, repression of Kazakh intellectuals, and hardships of establishing communism destroyed national spirit of Kazakhs. “Alien” consciousness learning had changed national historical memory, spiritual values, and world outlook of the nation. This article presents influence of Russian colonization of Kazakh nation through analyzing philosophic concepts as “own consciousness” and “alien consciousness”. It determines wrong insights formed by “alien consciousness” learning of the Soviet period, Eurocentric and oriental standards. Also this article states needs to revaluate half-forgotten values of common history and culture of Turkic nations colonized by the Russian Empire as a young independent country, and to form objective reality about the great names of Kazakh history, their world outlook. These issues are topical in the process of establishing independence and spiritual revival of Kazakh nation.