Ауыр Металдың Zea Mays Өсімдігінің Тамыр Өскінінің Анатомиялық Құрылысына Әсері

Author :  

Year-Number: 2017-4
Language : null
Konu :
Number of pages: 16-20
Mendeley EndNote Alıntı Yap

Abstract

Қоршаған ортаға таралған барлық зиянды қалдықтар топырақты ластаушылар болып табылады. Мұндай зиянды заттарға күнделікті тұрмыстық қалдықтардан бастап үлкен өндіріс орындарынан шығарылатын барлық қалдық түрлері кіреді. Өндіріс орындарынан шығарылатын газды және аэрозольды қалдықтар атмосферадағы су буымен қосылып және оттегімен тотыға отырып қышқыл жауын ретінде топыраққа түседі. Ондай газдардың ең үлкен үлесі күкірт пен азот оксидтері болып табылады. Шаң мен қатты қалдық ретінде шығарылатын заттарды кейде көзбен көру де қиын емес. Мысалы, қыстың күндері өндіріс орындарының маңында ақ қардың бетінен қара түйіршіктермен ластануы жиі байқалады және сонымен қатар, үлкен жолдың маңында да дәл осындай көріністерді аңғаруға болады. Әсіресе, жазда өсімдік жамылғысының жапырағында шаң мен қатты аэрозоль түрінде қонған лас заттар усьтица арқылы өсімдіктерге сіңіріледі. Ал, күзде өсімдік қурағанда барлық лас заттар кері топыраққа араласады. Осындай жолдармен ластанған жердің литосфера қабаты қазіргі кезде ғалымдарды алаңдатып отыр. Нәтижесінде Қазақстанның егін шаруашылығы мен жайылым жерлерінің үлкен көлемі ауыр металдармен ластанған Себебі, әртүрлі жолдармен түскен улы заттар қоректік тізбек арқылы адам денсаулығына кері әсерін тигізеді

Keywords

Abstract

All harmful emissions from the environment are soil pollutants. These hazardous substances include all types of waste from everyday household waste and from large production sites. Gas and aerosol residues from production sites are added to the soil as acid precipitation with the addition of water vapor in the atmosphere and oxidation. The largest share of such gases is sulfur and nitrogen oxides. Sometimes it is not difficult to see objects that are emitted as dust and solid waste. For example, in the winter months there are frequent occurrences of black pellets on the white snow surface near the production sites and, at the same time, it is possible to see the same thing in the vicinity of the big road. Particularly in the summer, vegetation cover is absorbed by the ugliness of the polluted substances in the form of dust and strong aerosols. And when it's time to plant in the fall, all the dirt goes back into the soil. The lithosphere layer of the soil contaminated by these methods is now a concern for scientists. As a result, large amounts of Kazakhstan's agricultural and pasture lands are polluted with heavy metals. Because toxic substances that come in many different ways, have a negative impact on human health through the nutritional chain.

Keywords


                                                                                                                                                                                                        
  • Article Statistics